KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейде шифер зауытындағы жарылыстан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

pexels.com

30.03.2024, 22:00 111 Назерке Каримова

Наурыз айының басында зауыттағы ыстық су құбыры жарылып, 5 адам екінші қабаттан секіріп кеткен.

Кәсіпорын басшылығы зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

7 наурызда ауруханаға түрлі дене жарақатымен зауыттың 5 жұмысшысы жеткізілген. Қазір екі адам амбулаторлық емге жіберілді.

- Үш науқас жатыр. Бір науқас политравма орталығында. Бір науқас ортохирургия бөлімінде. Бір науқас нейрохирургия бөлімінде. Жағдайлары тұрақты. Ауруханадағы қажет нәрселердің бәрі жасалды. Қосымша туыстарының немесе жұмыс орнының ешқандай қаражаттық көмектері керек жоқ. Бізде оперативтік емнің бәрі ақысыз түрде, - дейді политравма және ортохирургия орталығының бөлім меңгерушісі  Дарын Бақтыбаев.


Мәселен, шифер зауытында 5 жылдан бері еңбек ететін Дулат Күйіков сол күні терезеден секірген. Бір аяғы екі жерден сынып, алақанына шыны кірген.

- Ыстық судың орнына бу жиналып қап сол атылды. Содан кейін бес адам екінші қабаттан секірдік. Басқа амал болған жоқ - күйеміз немесе өлеміз. Аяқты сындырып аман қаламыз, - дейді Дулат Күйіков.


Зауыттағы жуынатын бөлме оқыс оқиғаға дейін бірнеше рет сыр берген. Мұны жұмысшылар басшылыққа талай ескерткен екен.

- Біз еңбек инспекциясы және полицейлермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Зардап шеккен жұмысшыларға материалдық көмек көрсетіледі. Жұмыста болмаған күндеріне өтемақы төленеді, - дейді шифер зауытының  қаржы директоры Қайрат Мұқатов.


Оқиғаға қатысты еңбек инспекциясында комиссия құрылды. Мәселенің мән-жайын тәуелсіз сарапшылар анықтайды.

- Сараптама ұйымымен келісім жасалып, сол кісілердің қазір біз комиссия мүшелері солардың жауабын тосудамыз. Қалай жауабы шығады, комиссия мүшелерінің тарапынан осы топтық жазатайым оқиға бойынша акт жасалатын болады. Қазіргі таңда Семей құрылыс материалдары бойынша акт дайындалған соң 2024 жылдың  екінші тоқсанында немесе 2025 жылдың бірінші тоқсанында тексеру жұмыстары өткізіледі, Бұл жерде тек қана болған жазатайым оқиға бойынша емес, осы жұмысшылардың жұмыс барысы толықтай тексерілетін болады, - дейді мемлекеттік еңбек инспекторы Темірлан Әміртаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив