KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

ШҚО-да бочча спорт түрінің бөлімі ашылды

3.04.2024, 10:03 112 Нұржан Кенжеұлы

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы жанынан тағы бір бөлім ашылды.

Биылғы сәуір айынан бастап облыста паралимпиадалық спорт түрі саналатын Бочча бөлімі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа бөлімнің ашылуына орай, Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Спорт сарайында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорымен бірлесіп, боччадан алғашқы өңірлік жарыс ұйымдастырылды.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, жарысқа жергілікті «арнайы мектептің», «Үлбі» әлеуметтік орталығы мен Өскемен балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен жарыс соңында барлық спортшы медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған бочча ойыны соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан спорт түрінің бірінен саналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорт баланың қабілеттерін арттырып қана қоймай, өмірге деген құлшынысын оятады.

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив