KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
440.9 475.95 4.82

Шаңғышыларымыздың еншісінде екі медаль - ШҚО

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

29.03.2024, 19:10 79 Нұржан Кенжеұлы

18-29 наурыз аралығында Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты өткен болатын.
Биылғы додаға қатысушылар классикалық жарыс, скиатлон, спринт, аралас эстафета, 30/50 шақырымдық масс-старт, командалық спринт пен эстафетада өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Әдеттегідей, ел біріншілігіне қатысқандардың арасында шығысқазақстандық спортшылар да болды. Және 12 күнге созылған байрақты бәсеке қорытындысы бойынша жерлестеріміз екі медаль жеңіп алды.
Және оның екеуі де спорттың қысқы түрлері бойынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі өкілдерінің еншісінде.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, Щучинсктегі додада алдымен жерлесіміз Ілияс Исабектің қанжығасы майланды. 1,2 шақырымдық классикалық спринтке қатысқан Ілияс тамаша өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Тағы бір қолаға ерлер арасындағы эстафетада бақ сынаған төрттігіміз қол жеткізді. Бұл төрттіктің құрамына Сұлтан Базарбеков, Дастан Қалибеков, Григорий Дачкин мен Ілияс Исабек кіргенін айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив