KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Биатлоншыларымыз 20 медаль жеңіп алды - ШҚО

19.02.2024, 17:02 130 Нұржан Кенжеұлы

Тоғыз күнге созылған байрақты бәсекеде шығысқазақстандық спортшылар тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, кеншілер шаһарындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің базасында ұйымдастырылған ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жерлестеріміз 20 медаль жеңіп алды. Жас биатлоншыларымыздың еншісінде тоғыз алтын, жеті күміс және төрт қола медаль бар. Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан құрамасы жеке-дара көш бастағанын айтқан жөн.

Жалпы биылғы додаға еліміздің тоғыз өңірінен, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Абай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысып, жекелей сын, эстафета, спринт және із қуу сияқты сайыстарда өзара мықтыны анықтады.

Ал облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен жастарымыздың арасынан Антон Редькин, Софья Унжакова, Трофим Коломин, Захар Хакимов, Леонид Жулин, Екатерина Мусохранова, Алина Қазыбек сияқты биатлоншылардың өнерін ерекше атап өткен орынды.

Фото: ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив