Республикалық автожолдардағы 7 жол учаскесін су басты
t.me/qazavtojol
Жалпы ұзындығы 4111 метр болатын жолда су тасқыны болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ.
6 сәуір сағат 19.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4111 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.