KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Франция Елшілігінің өкілі өскемендік студенттермен кездесті

9.04.2024, 17:10 147 Айжанат Бақытқызы

Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан С.Аманжолов атындағы ШҚУ жастарымен кездесіп, француз тарапы ұсынған стипендиялық бағдарламалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Франция Президенті Эмануэль Макронның 2023 жылғы мемлекеттік сапары қазақ-француз қатынастарын одан әрі нығайтуға серпін берді. Біз үшін жоғары білім беру саласында берік әріптестік байланыс орнату, сондай-ақ қазақстандық студенттердің француз тілін үйренуін дамыту ісі маңызды, – деді Алекс Бортолан.

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, университетте тіл үйретумен айналысатын шетелдік волонтерлар үшін барлық жағдай жасалған.

Кездесу барысында Алекс Бортолан «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасын бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасы Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы.

Таяуда ғана «Абай-Верн» стипендиясын тағайындау үшін мамандық таңдауды шектемейтін кезекті байқау басталды. Оның аясында магистранттар үшін 45 стипендия және докторанттарға арналған бірлескен ғылыми жетекшілікте диссертация дайындауға мүмкіндік беретін бес стипендия қарастырылған.

Бортолан мырза Францияда оқудың оң тұстары туралы айтты. Мәселен, студенттерге француз тілін жоғары деңгейде меңгеру міндетті емес, ағылшын тілін білу жеткілікті. Бұл жастардың оқуға бейімделуін жеңілдетеді.

Елшілік өкілі Алекс Бортолан университет мұражайы, 16 мыңнан астам бірегей сирек кітап қоры бар кітапхана мен «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жұмысымен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу