Белсенді патриотизм және ел болашағына қамқорлық құндылықтарына біріктіретін жаңа ұлттық идеологияның құрамдас бөлігі
Мемлекет басшысының сұхбаты жаңа саяси дәстүрді қалыптастырды. Яғни, жаңа жылдың басында Президентіміз өткен жылды қорытындылады. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіде қалыс қалмай "Жасыл толқын" экологиялық клуб құрылды. Бұл бағдарламаның іске асырылуы қоғамның жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам. Қоғамды экологиялық жауапкершілік, белсенді патриотизм және ел болашағына қамқорлық құндылықтарына біріктіретін жаңа ұлттық идеологияның құрамдас бөлігіне айналады. Табиғат – бұл бізге берілген ең үлкен сый. Оның әсемдігі, байлығы мен көптүрлілігі бізге өмір сүру үшін қажет барлық нәрсені береді. Алайда, табиғатты қорғау – бұл әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
Айым Кенжебаева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері