KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

ШҚУ студенті республикалық чемпионатта жүлделі болды

10.04.2024, 11:07 235 Ынтымақ Толқын

Алматы қаласында найза лақтырудан ел чемпионаты өткен. Аталмыш додада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті екінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жас спортшының үздік нәтижесі – 63.66 метр.

– Бар күш-жігерімді салдым. Берілген мүмкіндіктің бірінде найзам алысқа түсті. Дегенмен қарсыласымның ұпайы менен жоғары болып шықты. Алдағы уақытта дайындықты күшейтемін. Келесіде жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат етемін, – дейді ШҚУ студенті Алексей Хлыстов.

Жерлесімізді алда көптеген ірі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Ол енді жазғы маусымға дайындықты бастайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу