KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Қазақстандық ұшақтар кей елдердің әуе кеңістігін айналып өтуге мәжбүр

t.me/caa_kaz

14.04.2024, 17:00 145 Назерке Каримова

Бұл Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Египет, Сириядағы күрделі саяси жағдайға байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін айналып өтуді ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әуе компаниялары ағымдағы жағдайды мұқият қадағалауда және қажет болған жағдайда кестелеріне өзгерістер енгізеді.

Эйр Астана әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС - 205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС - 897 рейстері бүгін Астана қ.уақыты бойынша сағат 15-00-де ұшуға жоспарланған.

Qatar Airways әуекомпаниясының Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша ағымдағы жылдың 13 және 14 сәуірінде орындалуы жоспарланған QR - 389/390 QR - 391/392 рейстері қазіргі уақытта белгісіз уақытқа дейін кешіктірілді. Қазіргі уақытта әуе компания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастыруда. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетілуде.

Жолаушылар рейстерді ресми сайттардан немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив