Қоныс аударушыларға қолдау көрсетіліп жатыр - ШҚО
Фото: np.pl.ua
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасы бекітілген болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Соған сәйкес ШҚО-ға қандастар үшін 269, қоныс аударушылар үшін 372 квота берілді.
- Алтай ауданына 17 отбасына, яғни 41 адамға квота бөлінді. Бүгінде алты отбасы, яғни төрт қоныс аударушылар отбасы мен екі қандастар отбасы көшіп келді, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Көшіп келуші отбасылардың әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек берілген. Сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес барлық көмек (ақпараттық, заңгерлік, әлеуметтік, медициналық және білім беру) көрсетілуде.
Оқи отырыңыз
Қандастар мен қоныс аударушыларға 2024 берілетін квота саны белгілі болдыШҚО-да қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау белсенді жүргізілудеШҚО: Қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері арттыШҚО-ға көшіп келетін қандастар қай аудандарға қоныстанады?Келесі жылы қанша қандасқа өңірлік квота беріледі?