KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің чемпионы атанды

instagram.com/lenarybakina

21.04.2024, 19:00 154 Назерке Каримова

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы финалда әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бір сағат 9 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Штутгарт жарысының чемпионы атанды. Ол 500 рейтингілік ұпайға қоса «Порше» автокөлігіне ие болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады.

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив