KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Тұрақтандыру қорында қырыққабат арзандады – ШҚО

Фото: pokayadoma.ru

22.04.2024, 16:21 56 Ләззат Қанатқызы

Бүгіннен бастап тұрақтандыру қорының павильондарында қырыққабат 130 теңгеден сатылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сатылымға шығарылған қырыққабат жылы аймақтардан жеткізіліпті.

Маусымаралық кезеңде азық-түлік нарығында тұрақсыздық пайда болып, көкөніс бағалары өсіп кететіні бар. Осыны ескерген «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы биыл ерте қамданып, «Алтай» көтерме-тарату орталығымен көктем мен жазда 500 тонна өнім жеткізу туралы келісімшарт жасасқан.

Келісімшартта көрсетілген мерзім ішінде жеміс пен көкөніс бағасы 150 теңгеден жоғары болмайды. Ал сәуір айында қос тарап қырыққабат келісін 130 теңгеден саудалау туралы шешім қабылдаған.

Яғни тұрғындар тұрақтандыру қорының павильондарында қырыққабатты төмен бағамен сатып ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив