15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ
фото: depositphotos.com
Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді.
Құжатқа сәйкес, енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 мың шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.
Оған қоса, такси көлігінің төбесіне арнайы белгі қоюға міндеттеледі. Жүргізушінің фотосы мен жеке мәліметтері жазылған картасы салонда ілініп тұруы қажет. Такси қызметі арқылы нәпақа тауып, отбасын асырап жүрген азаматтар да, жолаушы ретінде көлікке отыратын тұрғындар да жаңашылдыққа қарсы. Алайда заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл – әлемдік тәжірибе.