РФ су қоймасынан жіберілген тасқын су Қазақстан арқылы өтіп жатыр
pexels.com
Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.
Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген тасқын суы еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
Өңірде «Альва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100%-ға толды. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр және Қарасу өзендерінің арналары суға толды. Қорғалыжын қорығының Теңіз көліне 1,5 млрд текше метр су жіберілді.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 50%-ға толды.
Алғаш рет Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне түсті. Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына қолайлы әсер етуге тиіс.