Өскеменде екі көлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды
Өскеменде екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Оқиға 19 маусым күні сағат 21.00 шамасында Әуезов даңғылы мен Крылова көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- 31 жастағы «Toyota» көлігінің жүргізушісі Әуезов даңғылы бойымен келе жатқан, алайда бұрылыста қарама-қарсы бағытта келе жатқан автокөлікке жол бермеген. Екінші көліктегі жүргізуші дене жарақаттарын алды, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.