Жазда 176 адам суға батып кеткен
Фото: egemen.kz
Шомылу маусымы басталғалы бері 190 адам құтқарылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 64 бала бар, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство кейде құтқарушылар қасыңызда болмай қалуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан адамдар өз өміріне қауіп төндірмеуі керек.
Биыл 176 адам, оның ішінде 54 бала суға батып кеткен.
Шомылу маусымы аяқталуға жақын. ТЖМ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз