KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

«Арлан» – Қазақстан кубогының иегері

фото: "Торпедо" ХК баспасөз қызметінен алынды

2.09.2024, 18:02 117 Нұржан Кенжеұлы

«Арлан» шайбалы хоккейден Қазақстан кубогының иегері атанды. Финалда көкшетаулық ұжым Рудныйдың «Горнягынан» басым түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осылайша, Өскеменде 10 күнге созылған Қазақстан кубогы үшін жарыс мәресіне жетті. Кеше жарыстың шешуші ойынында былтырғы ел біріншілігінің жеңімпазы «Арлан» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, кезекті рет мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетейік, биылғы жарысты сәтсіз бастаған («Құлагерден» 1:3 есебімен жеңіліс тапты) көкшетаулық команда одан кейінгі қарсыластарының бәрін сенімді жеңіп, финалға іркілмей жетті. Тек топтық кезең аясындағы соңғы ойынында біраз қиыншылыққа тап болды. Бұл ойында «Арлан» жергілікті «Торпедомен» ойнаған болатын. 4:3 есебімен аяқталған сол матчтан соң ғана «Арлан» плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.

Өкінішке қарай, аталған ойыннан кейін «Торпедо» ел кубогы үшін жарысты аяқтаған болатын.

Ал «Арлан» болса, финалдағы жеңісінің арқасында еншісіндегі Қазақстан кубоктарының санын үшеуге дейін жеткізді.

Әдеттегідей, жарыс соңынан турнирдің үздік ойыншылар да марапатқа ие болды. Олар: «Үздік қақпашы» – Сергей Кудрявцев («Арлан»), «Үздік қорғаушы» – Александр Куршук («Горняк»), «Үздік шабуылшы» – Глеб Зайцев («Сарыарқа»), «Үздік жас ойыншы» – Роман Двуреченский («Ақтөбе»).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив