KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Нарколог ковид жұқтырған кезде алкоголь ішудің қаупін айтты

4.11.2020, 07:34 102

Ресейлік нарколог Руслан Исаев коронавирус кезінде алкоголь ішудің қаупін айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Наркологтың айтуынша, коронавирус инфекциясының асқыну-асқынбауы тікелей адамның ағзасына байланысты. Алкоголь иммунитетті әлсіреді, сондықтан да ішімдік ішкен адамда коронавирус асқынуы мүмкін дейді дәрігер.

– Егер адам коронавирустың жеңіл түрімен ауырса, ол ауру асқынып, коронавирустың ауыр формасына өтуі мүмкін. Біз мұны нақты айта аламыз. Ауырған кезде алкоголь ішу аурудың асқындырып қана қоймай, аурудың салдарын нашарлатуы мүмкін, – дейді нарколог.

Бұдан бөлек, дәрігер алкогольмен қоса дәрілер қабылдау өте қауіпті екенін ескертеді. Оның айтуынша, алкоголь ішкен соң антибиотиктер қабылдау ағзаға кері әсерін тигізеді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив