KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
504.34 556.34 5.97

Қазақстандықтар қаражатын қай валютамен сақтайды?

27.10.2020, 07:14 155

Қазақстандықтар қаражатын қай валютамен сақтайды? Ranking сарапшыларының зерттеуіне зер салайық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Сарапшылар зерттеуіне сүйенсек, ел тұрғындарының көпшілігі ақшасын теңгемен сақтап жатыр. 

– Биыл тамыз айының соңына қарай еліміздің банктеріндегі халықтың ұлттық валюта бойынша салымдарының үлесі 59 пайызға, яғни 6 триллион теңгеге тең болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 25,5 пайызға көп. Ал қазақстандықтардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі бір жылда 45,4 пайыздан 41 пайызға дейін азайған, – деп мәлімдеді Ranking.kz.

Қазақстандықтардың қаражатын теңгемен сақтауындағы басты факторлардың бірі – валюталық салымдар бойынша нөлдік пайыздық мөлшерлеменің салыстырмалы түрде жоғары болуы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу