KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
506.43 522.43 5.28

Абай би сайланған Қарамола мекенін туристік нысанға айналдырмақ

20.10.2020, 13:45 193

Абай Құнанбайұлы Төбе би болып сайланып, Билер ережесін қабылдаған Қарамола мекенін туристік орынға айналдыру көзделіп отыр. Жуықта аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның бастамасымен тарихи мекен абаттандырылды.

Іс-шарада бас қосқан аудан ақсақалдары атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, биыл Қарамола ережесінің жазылғанына 135 жыл толғанын да еске салды.

– Абай өмір сүрген кезең отаршылдықтың қазақ арасына әбден кіріп алған тұсына дөп келді. Салт-дәстүрге сүйеніп тіршілік еткен ел абдырап қалды. Сонда ел ішіндегі мойыны озық тұлға Абай суырылып алға шықты. Қазақты орыс заңдарымен басқаруға болмайтынын ол өкіметке ұғындырды. Найза, қылыштың заманы өткенін, қазақ өзінің тұрмысына сай келетін заңмен өмір сүргенде ғана аман қалатынын жан жүрегімен сезінді. Сөйтіп уақыт талабына сай ереже жазды, – деген ақсақалдар алдағы уақытта бұл жерге келушілерге қолайлы жағдай туғызып, оларды тарихи оқиғамен таныстыру керегін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу