ШҚО-да 60-тан астам оқушы коронавирус жұқтырды
Шығыс Қазақстан облысында оқу жылының басынан бері 60-тан астам оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақ көлемінде 1 қыркүйек және 13 қазан аралығында 62 оқушы қауіпті вирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 37 оқушы кезекші сыныптарға барып жүрген. Ал 25 оқушы қашықтықтан білім алған.
Елді мекендер бойынша: (кезекші сынып оқушысы/қашықтан білім алушы):
Риддер – 12 оқушы (1/11);
Алтай ауданы – 11 оқушы (2/9);
Глубокое ауданы – 11 оқушы (7/4);
Өскемен – 10 оқушы (6/4);
Семей – 7 оқушы (6/1);
Көкпекті ауданы – 5 оқушы (3/2);
Шемонаиха ауданы – 2 оқушы (0/2);
Курчатов – 2 оқушы (0/2);
Күршім ауданы – 1 оқушы (0/1);
Катонқарағай ауданы – 1 оқушы (0/1).