KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

"Телефоннан бас алмайды". Аягөздік дәрігерлерге қатысты ақпарат жалған болып шықты

7.10.2020, 14:15 106

Өңірлік БАҚ беттерінің бірінде Аягөз ауруханасының қызмет көрсету сапасының нашарлығы, тұрғындардың дәрігерлерге айтар шағымы көптігі жазылды. 

Осы мәселе байланысты Аягөз аудандық әкімдігі жарыққа шыққан ақпараттарды жоққа шығарып отыр. 

Емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбарасы Сәтбек Борбасов мырзаның айтуынша  мақалада көрсетілген «дәрігерлер телефоннан бас алмайды, компьютерлер істен шыққан» деген шағымдар орынсыз деп отыр.

- Себебі, қазіргі уақытта емхана толықтай цифрлы жүйеге көшкен. Барлық дәрігерлер КМИС (Кешенді медициналық информациялық ақпараттық жүйе), Damumed  бағдарламалары арқылы диагноз қойылатындығын және ұялы телефон арқылы онлайн кеңес беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Одан бөлек,  WhatsApp  әлеуметтік желісіндегі ОСМС ВКО, МИС ВКО топтарымен жұмыс істейді, - дейді Аягөз аудандық емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбарасы Сәтбек Ерғалиұлы. 

Шағым білдірушілердің атап өткен тағы бір мәселесі ол - кезек күту. Аягөз аудандық ауданаралық ауруханасына тіркелген пациенттер саны қала бойынша 42 мыңды құраса ауылдық елді-мекендерден келетін тұрғындар саны 38 мың адам. Осы себепті де дәрігерлерге түсетін салмақ та, жүктеме де өте ауыр.  

- Аталған мақала жарық көргеннен кейін емхана басшылығы барлық медицина қызметкерлерін осы мақаламен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Атап өту керек, пациенттер тарапынан түсетін шағымдармен жұмыс істейтін арнайы «пациенттерді қолдау қызметі» барын және аурухананың ресми әлеуметтік желілері жұмыс істеп тұрғанын естеріңізге саламыз, - дейді Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімінде. 

Алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдайлар тағы орын алса, әкімдік аудан тұрғындары және науқастардан пациенттерді қолдау орталығына (+7-707-246-96-32) хабарласуды сұрайды.

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу