KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

ШҚО-да ауа-райының нашарлауына байланысты жол жабылды

istockphoto.com

Бүгін, 17:15 55 Төлеуғазы Жансая

"КАЖсервис" ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, 12 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тас жолдағы шектеулер қатты жел, боран және көрінудің нашарлауымен байланысты енгізіліп отыр. Жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауға кеңес беріледі. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу