KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Жаңа жылда барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері заманауи құралдармен 100 пайыз қамтылады

26.12.2018, 12:08 165

Медицина саласына барлық көздерден 18,8 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Елбасы Жолдауында алдағы 5 жылда білім-ғылым, денсаулық салаларына бөлінетін қаржыны Ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына жеткізуді тапсырған. Осыған орай облыста жүйелі жұмыс жүргізілуде.


Облыс денсаулық сақтау саласында «қуып жетуші» рөлінен «озушы» рөліне көшпек. Емханаларды әлемдік стандартқа сәйкестендіру үшін түрлі көздерден 18,8 миллиард теңге бөлінген. Келер жылы бұл сома 23,4 миллиард теңгені құрамақ. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов бүгін «Алтай» арнасында өткен тікелей эфирдегі сұхбатында мәлімдеді.


Нәтижесінде, 2019 жылы барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері заманауи құралдармен 100 пайыз қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив