KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«WhatsApp» арқылы салық туралы ақпарат алуға болады

26.12.2018, 09:20 191

Бұдан былай жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті сұрақтарға жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы алуға болады деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына сілтеме жасап.


Сұрақтарды 8-701-602-73-44 нөміріне жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Департамент сұрақтарға толық әрі жедел жауап беруге уәде етіп отыр.


Сондай-ақ, тағы мынадай жолдармен кеңес алуға болады:


1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан;


2) кеден заңнамасының мәселесі бойынша қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері бойынша

Call-орталығынан


3) аумақтық бөлімшелеріндегі Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасының мәселелері бойынша кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының «Департамент туралы» бөлімінің «сенім телефоны» бөлімшесінде орналасқан.


Сондай-ақ департамент ағымдағы жылғы 31 желтоқсанына дейін қөлік құралдарыңың салығын төлеуді ескертеді. Осыған қатысты сауалды да мессенджер арқылы алуға болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив