KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Мемлекеттік кірістер Комитетіне WhatsApp арқылы сауал жолдауға болады

20.11.2018, 11:45 183

Мемлекеттік кірістер Комитеті азаматтарға арналған жедел желі қызметін іске қосты. Енді Комитетке WhatsApp арқылы сауал жолдауа болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің баспасөз қызметі мәлімдейді.


Аталмыш қызмет 19 қарашадан бастап қолжетімді. Азаматтар өз сауалдарын жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін  8-776-136-41-32 нөміріне жібере алады.


Мұнда мемлекеттік қызмет көрсетуге, салық және кедендік мәселелерге қатысты өзекті сауалдар бойынша кеңес алуға болады.


Сонымен қатар, кедендік заңнама сұрақтары бойынша 8-800-080-64-52 ұялы телефон нөміріне немесе жұмыс телефонынан "1412" Call-орталығына хабарласады.


Сауалды Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне де жолдауға болады. Олардың байланыс телефондары kgd.gov.kz сайтында көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив