KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

2019 жылы 118 күн демаламыз

19.12.2018, 04:07 177

Қазақстан халқы 2019 жылы 118 күн демалады. Жаңа жылда – 4 күн. Наурызда – 5 күн, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірінші – Жаңа жыл мерекесі. 2018 жылдың 30, 31 күндері және 1, 2 қаңтар осыған байланысты демалыс. Яғни 29 желтоқсан жұмыс күні болып отыр.Бұдан әрі мереке-мейрам лек-легімен кете береді.


Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;


Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;


Қазақстан халқының бірлік күні – 1 наурыз;


Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;


Жеңіс күні – 9 мамыр;


Астана күні – 6 шілде;


ҚР Конституция күні – 30 тамыз;


ҚР тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан;


Ұлттық мереке Тәуелсуздік күні – 16-17 желтоқсан.


 


Ең ұзақ демалыс Наурызда. Қатарынан 5 күн. 21-25 аралығы. Жеңіс күні мен Тәуелсіздік тойында 4 күн демаламыз. Әйелдер күні мен Астана күні мерекелеріне орай 3 күннен демаламыз.


Демалыс күндерінің көбі Наурызға дөп келіп тұр. Бұл айда бар болғаны 17 жұмыс күні. Ал ең «еңбекқор» ай – Қазан болмақ. 23 күн талмай жұмыс істеуімізге тура келеді.


Айтылған және өзге де демалыс күндері белгіленген күнтізбені назарларыңызға ұсынамыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив