KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» тағы ұпай жоғалтуға мәжбүр болды

12.12.2018, 05:33 124

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 33-ші турында Башқұртстанның Нефтекамск қаласында жергілікті «Тороспен» кездескен «Торпедо» ұпай жоғалтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш ойында өскемендік команда сапында қорғаушы Илья Антоновский мен шабуылшылар Максим Капитуров, Кирилл Полозов және Александр Шин көзге түсті. Дегенмен бұл шайбалар да «Торпедоны» жеңілістен құтқара алмады. Тартысты өткен кездесу 5:4 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды.


Осылайша, қонақта қатарынан үш ойын өткізген (бұған дейін «Торпедо» «Ижстальді – 4:0, ал «Молот-Прикамьені» 3:2 есебімен жеңген болатын) Мисхат Фахрутдинов шәкірттері қоржынға төрт ұпай түсіріп, турнир кестесінің 15-ші сатысына көтерілді. Әзірге 35 ұпайға ие «Торпедо» келесі кездесуін ертең қонақта татарстандық «Нефтяникпен» өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив