KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Семейге қатерлі ісікті емдейтін заманауи құрылғы әкелінді

11.12.2018, 06:10 164

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығына «Асқар Жакулин» атындағы қайырымдылық қоры медициналық құрылғыны тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры 2016 жылы құрылған. Онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға жан-жақты қолдау көрсетумен айналысады. Қордың негізгі мақсаты-емделуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін немесе барлық шығындарды төлеу арқылы обыр дертіне ұшырағандарға материалдық көмек көрсету болып табылады. Сол сияқты операциядан кейінгі ұзақ уақыт сауығу кезеңінде қолдау көрсету үшін осындай жабдықтармен онкологиялық ауруханаларды жарақтайды.


Қайырымдылық қоры сондай-ақ, мемлекеттік медициналық мекемелерге қажетті кәсіби құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектеседі.


-Осыдан біраз бұрын «Жаңарту» бағдарламасын іске асыру аясында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығына қарқынды терапия және реанимация бөліміне арналған құны 8 000 000 теңге тұратын төсектік мониторлар сыйға тартқан еді. Бұл біз үшін аса қуаныш, науқастарды емдеуге жәрдемі мол,-деді профессор, Семей мемлекеттік медицина университетіндегі онкологиялық және клиникалық радиация кафедрасының меңгерушісі Тасболат Адылханов,-бүгін міне, Ядролық медицина және онкология орталығына аса қажетті, қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға заманауи сәуле емін (брахитерапия) жүргізуге арналған, құны 25 000 000 теңгеден асатын провайдер үстелін қабылдап алдық. Мәселен, әйел адамның жатыр мойнындағы ісікті емдеу үшін, жатырдың жанындағы қуық, тік ішектердің сәулеленуіне жол бермеуіміз керек. Провайдер үстел радиация мөлшерін нақты дәл береді. Сау тіндерді зақымдамайды.


Провайдер үстелінің арқасында ісік маңайындағы сау тіндер мен органдарды сақтай отырып, жоғары дозаны нақты дәлдікпен 3D-брахитерапияны жүргізуге мүмкіндік бар екен. Бұл сәулелік асқынуларды және сау тіндер мен органдардағы реакцияларды анағұрлым азайтып, жақсы клиникалық  әсер алуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив