KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

Қазір кәсіпкерлер «СЭС келе жатыр» деп сескенбейтін болған

29.11.2018, 11:14 95

«СЭС келе жатыр» деп сескенетін бұрыңғы заман қазір жоқ. Елімізде өндіріс орындарын, кәсіпкерлікті дамыту үшін тамақ өндірушіге, тауар өндірушіге де барынша кеңдік беріліп, себепсіз тексерулердің саны азайтылып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жәйт өндіруші де, сатып алушы да мән беруі қажет нәрсе. Өндіруші ешкім тексермейді екен деп, пайда қуып, сапасыз, қауіпті өнім шығарып, оны дүкеннен, базардан сатып алған адам абайсыздығынан опық жемеуі тиіс.


Ғазез Сүлейменов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:


- Біз тауарлар мен өнімдерді тексеруді мониторингтік бақылауға алынған өнімдерге жүргіземіз. Бұрыңғыдай кез келген уақытта барып тексермейміз. Тексеру жылына бір рет қана жүргізіледі, оның өзінде тексеру болатынын бір ай бұрын хабарлаймыз. Генералдық прокуратура сайтында тексерілетін нысандардың тізімі одан да ерте алдын ала, жарты жыл сайын беріліп отырады. Сонымен бірге кішігірім сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру орындары мүлде тексерілмейді, олар тек тұтынушылардың арыз, шағымы негізінде ғана тексеріледі. Яғни, қазіргі уақытта кәсіпкерлердің, өнім өндірушінің, сатушының жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге баса көңіл бөлінген. Бірақ, өнім өндірушілер өздерінің тұтынушылар алдындағы міндетін, жауапкершілігін сезініп, өнім сапасын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Біз қазір халықтың ой, санасын сапалы, сапасыз өнімді ажыратып, қауіпсіз өнімді сатып алуға аудартып жатырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив