ШҚО аудандарының 9 мың тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.
Жыл басынан облыста ауызсумен қамту бойынша құны 16,7 миллиард теңгенің 50 жобасы іске асырылуда. Олардың 48-і Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша, қалған екеуі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша атқарылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 22 жоба аяқталайын деп қалды, қалған 28-і келер жылға ауысады. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыстағы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған тұрғындар үлесі 88 пайызға жетпек, – дейді Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.
Жыл соңында Семей қаласындағы және Аягөз, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы 9 мың тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.