KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Өскеменде Тұңғыш Президент күнінде емхана ашылады

26.11.2018, 08:54 88

Облыс орталығы Тұңғыш Президент күнін бір апта бойы атап өтпек. Іс-шаралардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


1 желтоқсанға дейін облыстық Пушкин атындағы кітапханада Елбасының еңбектерінің көрмесі ашық тұрады.


27 қарашада Күленов кентінде емхана ашылады. Мекенжайы: Халықтар достығы көшесі, 1 үй.


28 қарашада облыс драма театр шаңырағында «Елбасы – ұлт мақтанышы» атты жиын болады.


29 қарашада О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде жастардың флешмобы болады. Шығыс, Согра, Аблакет сынды ықшамаудандарда мерекелік концерт өтеді.


1 желтоқсанда Комсомол аралында мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық жарыс болады.

Стаханов көшесіндегі Дене шынықтыру кешенінде (ФОК) ардагерлер арасында бильярд пен шахмат сайысы болады.

Шығыс кентінде ұлттық ойындардан жарыс болады.

О.Рыпакова атындағы кешенде скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді.


Іс-шаралар осы күні облыстық драма театрда «Елі сүйген Елбасы» атты кеш және Достық үйіндегі мәдени бірлестіктердің концертімен түйінделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив