Өскеменге Ұлан ауданының жәрмеңкесі келді
Облыс орталығында Ұлан ауданының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Дәлірек, Фреш маркет сауда кешенінің ауласында. Әдеттегі сенбінің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Таңғы сағат тоғыздан ашылған базар түскі 14:00-ге дейін істейді.
Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Құсайыновтың айтысынша, мұнда 23 бас сиыр, 7 бас жылқы, 15 бас қой еті мен құс еті әкелінген.
– Бағаны ауыл шаруашылғы басқармасымен келісілген мөлшерден асырмаймыз. Кәдуілгі базардан арзан, – деді М.Құсайынов.
Ұландық өнерпаздар жауынға қарамай ән салып, би билеп, жәрмеңкені қыздыруда.
Оқи отырыңыз