KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ҰБТ жылына төрт рет өтетін болды

22.11.2018, 05:19 168

2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін Бірыңғай ұлттық тестілеу жылына төрт рет өтетін болды.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тестілеуді қаңтар, наурыз, маусым және шілде айларында тапсыруға болады.


-2019 жылы жалпы ҰБТ-ның форматы өзгермейді. Бірақ тестілеуді жақсарту мен оның механизмі бойынша белгілі бір өзгерістер енгізілмек. Өткен жылы біз мүгедек балалар үшін мүмкіндік бердік - ыммен сөйлесетін мамандарды шақыртып, мұндай балаларға арналған жеке бөлмелер бөлінді, - дейді вице-министр.


Ағымдағы жылы желтоқсанның 1-нен 15-не дейінгі аралықта ақылы тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады. Ол 2019 жылдың 15-20 қаңтар аралығында өтеді екен.


Ал грантқа үміткерлер ҰБТ-ны сол бұрыңғыдай мектеп бітірген соң маусым айында бір рет  тапсырады.


ҰБТ жақсы тапсырып шыққан 11-сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы түрде түсе алады. IELTS және TOEFL сертификаттары барлары ҰБТ-да "Шетел тілі" пәні бойынша босатылады.


Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болды. Министрлік сәйкес база құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив