KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

"Адам кеудесіне екі рет оқ ата ма?" Шекарада тағы бір сарбаз көз жұмды

21.11.2018, 07:01 211

Өскеменнің шекара бекетінде қатардағы жауынгер Әлихан Қожагелдиев қаза болды. Кеудесіне екі жерден оқ тиген. Алайда әскери бөлімнің командирлері сарбаздың өз-өзіне қол салғанын айтуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап.


Анықталғандай, сарбаздың кеуде тұсына екі жерден оқ тиіпті. Әлиханның анасы Айгүл Қожегелдиева марқұм ұлының мұндай әрекетке бармағанына сенімді.


Әлихан Қожагелдиевтің жасы не бары 19-да. Ол Өскемендегі Ақжон бекетінде әскери борышын атқарып жүрген. Осы уақыт аралығында туыстарына еш шағым айтпапты.


17 қарашада жасақтың аға шекарашысымен бірге атпен шығып, шекараны күзетіп жүреді. Жолда желді тежегіш-компенсаторды жоғалтып алған. Бұл туралы заставаға хабарламай, серіктесі Артем Дереглазовпен бірге іздеуге шығады. Алайда таба алмайды. Жауапкершіліктен қорыққан Әлихан өзін-өзі атып өлтіріпті. Шекара бекетінде айтылып отырған оқиғаның желісі осындай.


Бірақ марқұм сарбаздың анасы да, ағасы да бұл оқиғаға сенбейді.


-Факті Дереглазовтың сөзіне сүйеніп, құрылған. Сену қиын. Өлгісі келген адам кеудесіне екі рет оқ ата ма? – дейді Асхат Қожагелдиев.


Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сол себепті сарбаздың өліміне нақты не себеп болғанын айтуға әлі ерте.


-Ресми болжау –қатардағы жауынгердің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізуі, - дейді 2017 әскери бөлімінің командирі Ерік Тұрғанбаев. – Себебін айта алмаймын, қазір Өскемен гарнизоны бойынша әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Бұл жерде сөз Әлиханның жанында болған Артем Дереглазов туралы. Оқиғаның жалғыз куәгеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив