KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

2020-шы жылға қарай елімізде 6,6 мың шақырымдай жол ақылы болады

19.11.2018, 05:17 140

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 мың шақырым автожолды салу және қайта жаңғырту, республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автожолды жөндеу көзделген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы Үкімет отырысында баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді.


«Бөлінген қаражаттар есебінен республикалық маңызы бар 2,4 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңғыртылды, республикалық маңыздағы 7,5 мың шақырым жол жөнделді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізі, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Көкшетау – Петропавл учаскелері толығымен аяқталды. Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін, Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі салынды», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.


Барлық нысандарда100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жол құрылысына пайдаланылған отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95%-дықұрады. Биыл республикалық маңызы бар 4,6 мың шақырым автожол қайта жаңғыртылды. 22 жобаның жұмыстары жалғасуда.


«Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша Астана-Теміртау учаскесі аяқталды, келесі жылы Теміртау-Қарағанды және Қарағанды қаласын айналып өту учаскелері аяқталатын болады. Биыл Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті (888 км) учаскелерінде жұмыс басталды. 2019 жылы Күрті-Қапшағай (67 км) учаскесін бастаймыз. Орталық-Батыс дәлізі бойынша Қандыағаш-Мақат (299 км) учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр. Республикалық бюджет есебінен биыл 120 шақырым болатын Атырау-Астрахань (60 км) және Қандыағаш-Ақтөбе (60 км) учаскелерінде жұмыстар басталды. Қалған учаскедегі (303 км) жұмыстар келесі жылы басталады. Сондай-ақ, Қостанай-Денисовка учаскесінде (114 км) жұмыс жүріп жатыр. Дәлізді 2020 жылы толық аяқтаймыз», - деді атқарылған жұмыс туралы айтқан министр.


Жалпы, барлық басталған жобалар 2019-2020 жылдары аяқталады.


Биыл жыл қорытындысы бойынша 528 шақырымжол қозғалысын ашу жоспарлануда. Орал-Тасқала – 73 км, Қордай кентінің айналма жолы – 40 км, Бейнеу-Ақтау – 60 км, Балпықби-Талдықорған және Сарқандты айналып өту – 40 км жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.


2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жоспарлануда.


«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша, биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. Бұдан бөлек, 5,9 мың шақырымды, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды келесі жылдан бастау жоспарланып отыр», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.


Жалпы, 2020-шы жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың. шақырым жолда ақы алу жүйесі қосылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив