KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскемендік жастар Париж паралимпиадасының чемпионымен кездесті

Бүгін, 17:30 0 Ержан Әбіш

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да дене шынықтыру мамандығының 1 курс магистранты, Париж паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбекпен кездесу өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Студенттер мен спортшылар еркін әңгіме барысында чемпионға қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Бұл кездесудің маңызы тереңде. Себебі, Ақмарал – оқуды да, спортты да қатар алып жүрген бойжеткен. Сондықтан университет жастары үшін үлгі, жетістіктерге жетуге мотивация.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Паралимпиадада Қазақстан қоржынына дзюдошы Ақмарал Науатбек екінші алтынды салған еді. Финалдық белдесуде франциялық қарсыласы Сандрин Мартинді 10:0 есебімен жеңді.

Ақмарал дзюдомен 11 жасында айналысып бастаған. Спорттық мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті. 2022 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында алтын алып, 2023 жылы Азия чемпионатында күміс еншілеп, Пара Азия ойындарында жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Ал, биыл ең жоғары жетістік 2024 жылғы Паралимпиаданың алтын медаліне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив