ШҚО-да бір бас бұғыға 10 мың теңге субсидия төленеді
Бұғы шаруашылығына субсидия бөлінді. Бұл туралы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыдан бір жыл бұрын облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен бұғы шаруашылығына облыстық бюджеттен субсидия бөліне бастаған болатын. Саланы қаржылай қолдау шарасы биыл да жалғаспақ.
«Қазір бұғы өсіретін шаруа қожалықтарынан субсидияға қажет құжаттар қабылдап жатырмыз. Былтырғыдай әр басқа 10 мың теңге төленеді. Бұл қожалықтар үшін әжептәуір көмек» - дейді Асқар жақыпбаев.
Оқи отырыңыз