Мемлекет басшысының Францияға сапары аяқталды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.
Орли әуежайында Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.
Оқи отырыңыз