KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Глубокое тұрғындарына алты ай бойы тегін қызмет көрсетеді

2.11.2018, 10:00 167

Жұмыс істеп жүріп, қосымша табыс табуға әбден болады. Жерлесіміз Нұргүл Тоқтажанова мұны іспен дәлелдеп, Глубокое ауданында әлеуметтік шаштараз ашты. Онда жағдайы төмен жандарға тегін қызмет көрсетіледі.


– «Zhas Project» жобасына қатысып, жеке кәсібімді бастадым. Негізі, шарт бойынша үздік жоба ұсынған жастарға 500 мың теңге ұсынылады. Оған жас кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады. Бұдан кейін әрбір қатысушы өз жобасы бойынша алты ай бойы тегін жұмыс істеп, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Егер талаптарға сәйкес жұмыс жүргізсе, жарты жылдан кейін қалған ақшасы беріледі. Сондай-ақ аталмыш жобаның қатысушыларына алты ай көлемінде шәкіртақы төленеді. Мәселен, жоғары оқу орнын бітірген жастарға 60 мың, ал орта білімі бар студенттерге 40 мың теңге беріледі, - дейді Нұргүл Тоқтажанова.


Естеріңізге сала кетейік, облыста 155 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Оған 518 шығысқазақстандық жас қатысады. Бұл «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында қолға алынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив