KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

"Алдымен жастарға 500 мың теңге ұсынылады" «Zhas Project» жобасы туралы

11.09.2018, 08:18 98



Облыста 155 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Оған 518 шығысқазақстандық жас қатысады. Бұл «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында қолға алынып отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айдар Садырбаев мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, бұл – Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, сондай-ақ табысы төмен студенттер қатыса алады. Аталмыш жобаның облыстағы үйлестірушісі Серік Қайратұлының айтуынша, үздік жоба авторларына бір миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі.


– Ең алдымен жобаның шарты бойынша жастарға 500 мың теңге ұсынылады. Оған жас кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады. Бұдан кейін әрбір қатысушы өз жобасы бойынша алты ай бойы тегін жұмыс істеп, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Егер талаптарға сәйкес жұмыс жүргізсе, жарты жылдан кейін қалған ақшасы беріледі. Сондай-ақ аталмыш жобаның қатысушыларына алты ай көлемінде шәкіртақы төленеді. Мәселен жоғарғы оқу орнын бітірген жастарға 60 мың, ал орта білімі бар студенттерге 40 мың теңге беріледі, - дейді Серік Қайратұлы.


Брифинг барысында Айдар Садырбаев «ZhasProject» жастар корпусын дамыту жобасына 470 жоба ұсынылғанын атап өтті. Оның ішінде 155-і іріктеліп алынған.


– Зырян ауданында 16, Зайсан ауданында 15 жоба, Риддерде екі жоба іске асырылады. Бұдан бөлек өңірдегі басқа аудандарда да дәл осындай әлеуметтік жобалар қолға алынған. Сондай-ақ біздің облыста бұл жобаға 17 мүмкіндігі шектеулі адамның қатысатынын айта кеткен орынды, - деді Айдар Садырбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив