Министр нақты кімдердің еңбекақысы өсетінін айтты
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,
Естеріңізде болар, Президент қазан жолдауында бюджеттік ұйымдардағы қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы тапсырма берді. Ал Ұлттық экономика министрі мұның тек бюджет саласындағы қызметкерлерге қатысы бар екенін атап өтті.
– Жалақының өсуі тек қатардағы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер расында да 28 мың 400 теңге жалақы алатын. Президенттің жалақыны 1,5 есеге 42 мың теңгеге дейін өсіретінімізді айтты. Ол жалақыны қатардағы қызметкерлер алады: министрлер емес, министрлердің орынбасарлары емес, депутаттар да емес. Мұның тек бюджет саласындағы қызметкерлерге қатысы бар - мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, іс жүргізушілер, ауруханалардағы санитар қызметкерлер. Кабинетте отырған министрлер мен шенеуніктерге қатысы жоқ, – деді Т.Сүлейменов.