KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Ескі банкноттарды қай уақытқа дейін айырбастау қажет?

22.10.2018, 11:23 213

Қазір қызмет көрсету орындарында ескі банкноттарды қабылдамай қоятын жағдайлар сирек емес. Осыған орай Ұлттық Банк қандай банкнотты қай уақытқа дейін айырбастау қажет екені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгінде 1000 теңгелік банкноттардың төрт дизайны айналымда жүргені белгілі:


-2014 жылы шығарылған, сары-қоңыр түсті, «Қазақ Елi» монументі бейнеленген;



-2013 жылы шығарылған, сары-қоңыр түсті, «Қазақ Елi» монументі мен «Күлтегін» ескерткіші бейнеленген;



-2011 жылы шығарылған, ашық жасыл түсті, Ходжа Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген;



-2010 жылы шығарылған, көгілдір-жасыл түсті, «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.



Енді бір 2006 жылғы банкнот (сары-қоңыр түсті, «Астана-Байтерек» монументі бейнеленген) 2017 жылдың 1 наурызынан бастап айналымнан шыққан еді. Алайда оны 2021 жылдың 28 ақпанына дейін Ұлттық Банктің кез келген филиалында ауыстырып алуға болады.



Ескі банкноттарды қабылдамаған жағдайда тиісті шаралар қолданылады екен. Ол үшін дәлел ретінде бейнежазба түсіріп, Ұлттық Банктің  жергілікті филиалына шағымдану керек.


Айта кетсек, айналымдағы банкноттарды қабылдамау фактісі бойынша алғашында ескерту жарияланады. Факті қайталанған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады: шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 5 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері – 10 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері – 25 АЕК, ал банк және банк операцияларының жекеше түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға 50 АЕК мөлшерінде.


Сондай-ақ, 1999 жылы шығарылған 500 теңгелік, 2000 жылғы 1000 және 2000 теңгелік, 1998 және 2001 жылғы 5000 теңгелік, 2003 жылғы 10 000 теңгелік банкноттарды осы жылдың 14 қарашасына дейін айырбастау қажет екен. Бұлардың барлығында Әл-Фарабидің портреті бейнеленген.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив