3 қазанға дейін қандай банкноттарды ауыстыру керек?
3 қазанға дейін 2006 жылы шығарылған банкноттарды ауыстыру қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Ұлттық Банкінің ШҚ филиалы 2006 жылы шығарылған 2000, 5000 және 10 000 теңгелік купюраларды ауыстыру жөнінде ескертті. Олардың қолданыстағылардан айырмашылығы - «Бәйтеректің» бейнесі.
Облыс тұрғындары ескі ақшаны комиссиясыз және ешқандай төлемсіз ауыстыра алады. Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін. Байланыс телефоны: 560-682, 560-683.
Оқи отырыңыз