KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Ескі ақшаларды алмастыру мерзімі аяқталып қалды

24.10.2013, 18:00 274


Қазақстандықтар ескі үлгідегі 1000 және 2000 теңгеліктерді 2013 жылдың 1-қарашасына дейін ауыстырулары керек. Осы мерзімнен кешігіп қалған жеке және заңды тұлғаларға ескі ақшаларын жаңасына ауыстыру үшін олардың нақты екенін сараптама арқылы дәлелдеуге тура келеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2013 жылдың 31-қазанында Ұлттық банктің филиалдарының 1994 жылы шығарылған 1000 теңге мен 1996 жылы айналымға қосылған 2000 теңгелерді қабылдау мерзімі аяқталады.

2013 жылдың 1-қарашасынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 1994 жылы шығарылған 1000 теңге мен 1996 жылы айналымға қосылған 2000 теңгелерді қабылдамайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің филиалдары 2013 жылдың 1-қарашасынан бастап 1994 жылы шығарылған 1000 теңге мен 1996 жылы айналымға қосылған 2000 теңгелерді жаңа ақшаларға олардың жасанда емес екені сараптама түрінде дәлелденгеннен кейін ғана ауыстыратын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив