KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Курчатовта Қазақстан мен АҚШ арасындағы бірлескен жұмыстар жөніндегі жиын өтті

19.10.2018, 05:16 117

Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі өкілдерінің, сондай-ақ DTRA және DOE/NNSA ұйымдары басшылары мен жетекші мамандарының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшсі nnc.kz сайтына сілтеме жасап.


Жиналыс айтулы күнге орайластырылды. Осыдан 25 жыл бұрын, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламенті Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялады және осы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының Вице-Президенті Альберт Гор Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы континентаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты негіздемелік келісімге қол қойды.


Бұл маңызды екі құжат Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасын (Нанна-Лугара бағдарламасы) Қазақстанда іске асыруға жол ашты және Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеу саласында бірлесіп жүргізген жұмыстарының бастамасы болып табылады.


25 жыл бойы жүргізілген қызметті қорытындылай келе, ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандарының және АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Энергетика министрлігі ұйымдарының бұрынғы ССП-ны қауіпсіз күйге келтіру бойынша бірегей ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар жүргізгенін айта кету қажет. Жұмыстар барысында ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымы жойылды, жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупін төмендету және полигон аумағында орналасқан ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілді.


Отырысқа қатысушылар мұндай жұмыстардың әлемде алғаш рет жүргізілгенін, қиын жағдайларда маңызды шешім қабылдауға, жауапкершілікті өздеріне жүктеуге тура келгенін, міндеттерді шешуге ауызбірліктің, бір-біріне деген құрмет пен мейірімділіктің көмектескенін, өйткені әрқайсысы өзінің жаһандық мәселелердің бірін шешуге қатысы бар екендігін жақсы түсінгендігін атап өтті.


Жүргізілген жұмыстардың арқасында полигон бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз күйге келтірілді, оның Қазақстан мен бүкіл әлемдік қауымдастыққа төндірген тікелей қауіп-қатері жойылды. Инженерлік және физикалық қорғау тұрғысынан алғанда ықтимал қауіп-қатерлер аймағы жақсы күйге келтірілді.


Отырысты қорытындылай келе, ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков: «Осындай «сезімтал» салада жинақталған тәжірибе, қалыптасқан ынтымақтастық алдағы уақытта АҚШ пен Қазақстан ұйымдары арасындағы жемісті қызметке негіз болатынына кәміл сенеміз» деп атап көрсетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив