KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 2 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Құтқарушылар құдыққа құлаған күшікті алып шықты – ШҚО

Бүгін, 09:06 3 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД мамандары құдыққа түсіп кеткен күшікті құтқарып алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендегі құдықтан күшіктің қыңсылаған дауысы шығып жатты. Оны құдықтың жанынан өтіп бара жатқан адамдар естіп, дереу құтқарушыларды шақырды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері келді.

Қорқып қалған күшік көмекке келген құтқарушының қолына баруға асыға қоймағандықтан екінші құтқарушының да терең құдыққа түсуіне тура келді.

Құтқарушылар күшікті аман-сау тысқа шығарып, қоңырау шалған азаматтардың қолына табыстады.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив