KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Жарма ауданында елді мекендер таза сумен қамтылды

15.10.2018, 10:21 135

Жарма өңіріндегі елді мекендер сапалы сумен қамтылуда. Былтыр республикалық бюджеттен 645 млн теңге бөлініп, Суықбұлақ кенті және Жаңаөзен ауылына су құбыры салынып, пайдалануға беріліпті.


-Биыл екі ауылға 577 млн теңге аударылды. Жарық ауылындағы су құбыры ағымдағы жылы аяқталады. Ал Қаратөбе ауылындағы құрылыс биыл басталды. Ол келер жылы бітеді. Төрт ауылға, оның ішінде Кіші Қарасу, Ақжал, Қапай батыр және Сұлусары ауылдарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сонымен қатар, аудандық қазынадан 20 млн теңгеге халқы аз бес ауылға ұңғыма (скважина) қазып ғимарат салып бердік, - деп атап өтті аудан басшысы Нұрлан Сыдықов.


Бұдан басқа Шар қаласы, Қалбатау ауылдарындағы су жүйелерін және Ақжал, 8 март, Суырлы елді мекендеріндегі су ұңғымаларын ағымдық жөндеуден өткізуге 16 млн теңге қаражат жұмсалған. Үшбиік ауылында жаңадан 50 текше метрлік су жинау құрылғысы орнатылды. Қазіргі күні ауданда 50 елді мекеннің 64 %-ы таза ауыз сумен қамтылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив