KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Абайдың «Жаз» өлеңі осы жерде жазылыпты

15.10.2018, 03:15 132

Байқошқар таудың қойнауына орналасқан малды ауыл. Бір шеті Шыңғыстаумен шектесіп, малы араласып, қойы қораласып жатыр. Бұл жердің табиғаты малға жайлы, жері шұрайлы өлке. Ауыл Байқошқар өзенінің Бақанасқа құяр тұсында . «Ескі кеңсе» «Бозқараған» қыстағынан алыс емес. Мұнда Мұхтар Мағауин ағамыздың ата- бабалары жатыр.


Негізі Абай атамыздың жайлауы осы жерден қашық емес, шығыс жағында. Ауыл көнекөздерінің айтуынша, «Абай бұлағы» деп аталатын мына бір жерде оның әйгілі «Жаз» өлеңі жазылған көрінеді. Шынында да:


Жаздыгүн шілде болғанда


Көкорай шалғын бәйшешек


Ұзарып, өсіп толғанда


Күркіреп жатқан өзенге


Көшіп ауыл қонғанда


Шұрқырап жатқан жылқының


Шалғыннан жоны жылтылдап


Ат, айғырлар, биелер


Бүйірі шығып ыңқылдап..., -деп келетін өлең жолдары дәл осы жердің суретін айқындап тұр. Рас, мұны әдебиет, өнер зерттеушілері анықтар. Біздің мақсат көрген, білгенді қағаз бетіне түсіру ғана.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив