KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Тозған жерге жанашырлық қажет

30.03.2012, 18:00 390


Қазақстандық ғалымдарымыздың айтуынша Америка Құрама Штаттарында жердің құнарлылығын арттыру үшін 1 гектар алқапқа 300–350 доллар, Еуропа елдерінде 500 доллар, ал бізде 3 – 5 доллар көлемінде қаржы салынады екен.

Алыстағы шұрайлы жерлер пайдаланылмай жатыр, шаруашылықтардың қолданысындағы егістік алқаптарының өнімділігі азайып, тозып тұр, мал отарларының аяғына тапталған ауыл маңындағы өрістің де құты қашып барады. Аймақтағы ауыл шаруашылық жерлерінің бүгінгі жай –күйіне жанашырлық қажет-ақ.

Жерлерді қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4-қарашадағы №1297 қаулысымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану тәртібін анықтайтын «Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану ережесі» бекітілген. Ол ережеде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану кезінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер құнарлығының төмендеуіне жол бермеуі қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлығы мен мелиоративтік жай-күйін мемлекеттік бақылау жер инспекциясы тұрақты қадағалап отырады. Мысалы, осындай тексерулерді ағымдағы жылда Ұлан ауданында өткізу белгіленген.

Жалпы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану өңіріміздегі жер қорының әлеуетін қорғау мәселесін қолайлы шешуге мүмкіндік бермек.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив